ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 6 мәдени нысан қайта жөндеуден өтеді

0
891

Мәдени нысандар 100-ден астама адамға лайықталған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 6 мәдени нысан қайта жөндеуден өтеді

Түлкібас ауданында көп жылдан бері тозығы жеткен мәдени нысандарында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған игі бастама ауыл тұрғындары рухани азық алатын нысандардың маңыздылығын тағы бір рет айшықтап берді. Соның нәтижесінде, бүгінде Түлкісбас ауданы бюджетінің есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас және Рұсқұл ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары, ал Сарытөр ауылдық мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал, аталған нысандар 100-ден астам адамға лайықталып салынған.

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары барысында аталған мәдениет ошақтарының аумақтары толығымен қоршалып, абаттандырылатын болады. Өз кезегінде, қайта жаңғырған мәдени нысандарда ауыл жастары музыкалық және басқа да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады және ол үшін барлық жағдай жасалады.

Айта кетейік, жөндеуден өтіп жатқан ғимараттар 2019 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.