ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауылдық клуб ісі жандана бастады

0
1 261

Ауданда «Ауылдық клуб мекемелеріне әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру» атты тақырыпта облыстық семинар-кеңес өтті.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауылдық клуб ісі жандана бастады

Түлкібас ауданында ауылдық клубтардың жұмысын жетілдіру мақсатында облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мәдениет басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданына қарасты Машат ауылдық клубында «Ауылдық клуб мекемелеріне әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру» атты тақырыпта облыстық семинар-кеңес өтті.

Іс-шара мақсаты облыс көлеміндегі халық шығармашылығын дамытуда инновациялық жобалар жасап, тәжірибе алмасу. «Ауылдық клуб мекемелерінде әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру», мәдени – тынығу, бұқаралық іс – шараларды өткізу, мәдениет мекемелерінің қоғамдағы рөлі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс – шаралардағы тәжірибе алмасу.

Семинар - кеңеске Түркістан облысы аумағындағы қалалық, аудандық, мәдениет қызметкерлері қатысып, ауылдық клуб мекемелерінде әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру бағытында әңгіме өрбітті.

Шара барысында келген қонақтарға Түлкібас ауданы аумағында орналасқан киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан концерттік бағдарлама тарту етілді.

Келген қонақтар Түлкібас ауданындағы мәдениет саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын беріп, өмірден өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.