ТҮРКІСТАН: Түлкібаста бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр

0
451

7,2 гектар жерге саябақ салынуда.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр

Түлкібас ауданының әкімі құрылыс нысандарын бақылап қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт жұмыс кестесіне сәйкес, аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы «Жанкент» мөлтек ауданында орын тепкен «Тұңғыш Президент» саябағында болып, ондағы жаз мезгіліндегі су тапшылығын жою мақсатында қолға алған ұңғыма (скважина) орнату жұмысымен танысты. Жалпы алаңы 7,2 гектар аймақты алып жатқан саябақтағы гүлдер мен түрлі ағаштарды суғару мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстың құрылысын мердігер «Әсем қала ЛТД» жүргізіп отыр. Алдағы қыркүйек айына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, саябақ жаңа суғару жүйесімен қамтылмақ.


Сонымен қатар, «Жанкент» мөлтек ауданында алдағы күндері жалпы 3,4 шақырымды құрайтын 7 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары бастау алған. Аудан басшысының жұмыс сапары «Жанкент» мөлтек ауданындағы кәріздік насостық станциясында жалғасты. Ақау себептерінен істен шығып, қайта жөндеуден өткен станция «Тұраркент» КММ мекемесінің арнайы жұмыс бригадасының күшімен қалпына келтірген. Сонымен қатар, аудан басшысы кәріздік насостық станцияға қалдықтарды биологиялық су тазартқыш сүзгіден өткізіп, ауаны ластамай қайта айдап құю бағытында тартылып жатқан қосымша станция жұмысымен танысты.


Содан соң Нұрлан Мархабатұлы Жаскешу ауылындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген Оңалбеков көшесінде болып, көше тұрғындарымен кездесті. Ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын бұл көше соңғы 25 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмегінін айта отырып, көше тұрғындары атынан қуанышымен бөліскен ауыл тұрғыны Е.Сырманов аудан басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.