ТҮРКІСТАН: Түлкібаста еріктілер жасағы құрылды

0
453

Жасақтың негізгі мақсаты полиция қызметіне көмек беру.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста еріктілер жасағы құрылды

Түлкібас ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Халық сақшысы» жасағы құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде орын алған жағдайларға байланысты Түлкібас ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Халық сақшысы» жасағы құрылды. Жасақ құрамында спорт, мәдениет саласының өкілдері және мұғалімдер мен жастар бар. Ерікті жасақтың негізгі мақсаты полиция қызметіне көмек беру, ел арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


Сын сағатта қол ұшын созған жасақ еріктілеріне аудан әкімі Нұрлан Байғұт алғыс білдірді. Қазір «Халық сақшысы» еріктілері аудан көлеміндегі 15 ауылдық округ пен кенттерге бөлініп, жергілікті полиция инспекторларымен бірге төтенше жағдай режимінің сақталуына атсалысуда.