ТҮРКІСТАН: Түлкібаста есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті

0
1 410

ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті

фото. ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысы полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғынныңаса ірі көлемде есірткізатын есірткі сатуменайналысатыны жөнінде хабарлама келіп түсті. Осы күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Түлкібас АПБ-нің полицейлері жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп, есірткі сатумен айналысқан күдіктіні яғни жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктінің үйін тінту барысында жедел уәкілдер полиэтилен пакетке оралған есірткі заты марихуанаға ұқсас затты тауып, тәркілеп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткі заты «марихуана» болып шықты. Салмағы 20 грамнан астам.Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауда.

Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.