ТҮРКІСТАН: Түлкібаста шомылу маусымына орай қауіпсіздік шаралары ескертілді

0
1 823

"Шомылу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау" мақсатында құрылған топ кезекті рейдтік жұмыстарын бастады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста шомылу маусымына орай қауіпсіздік шаралары ескертілді

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері суға шомылу маусымы кезіндегі келеңсіз жағдайларды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында 2019 жылдың 5 маусым күні "Шомылу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау" мақсатында құрылған топ кезекті рейдттік үгіт насихат, түсіндірме жұмыстарын Түлкібас ауданындағы "Ақшатыр", "Бесарыс" демалыс орындарында жүргізді. Бірлескен рейдік түсіндірме жұмыстарына Түлкібас ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Азимбаев пен Түлкібас ауданының Полиция бөлімінің полиция майоры Қ.Абылаев бастаған қызметкерлер демалыс орындарының меңгерушілерімен жаз айларында температура 40-45 градусқа дейін көтерілетіні жөніндегі болжамдарға байланысты, шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
"Құрметті демалушылар, суда түсу кезінде мұқият абай болыңыз, қарапайым ережелерді сақтап, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қауіпке тікпеңіз!" деп ескертеді ТЖБ қызметкерлері.