ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тау пістесі пісіп жатыр

0
781

Соғыс кезінде қалың болып өсетін ағаштың арасына тығылып, жаудан аман қалған жағдайларда болған екен.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тау пістесі пісіп жатыр

Түлкібас ауданында ерекше ағаштың бірі – тау пістесі пісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Табиғаты шұрайлы Түлкібас ауданы өзінің таңғажайып табиғатымен ғана емес, жеміс-жидек пен сан түрлі өсімдіктер өсетін өлке болғандығымен де ерекшеленеді. Сол Түлкібас ауданына қарасты «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне» кіретін «Тау пістелі» аймағы мен Машат шатқалының басты ерекшеліктерінің бірі – тау пістесі. Тау пістесі дегеніміз – «фисташка». Мұның кереметі – көктемде тау пістесі гүлдегенде, оның хош иісі бүкіл ауыл аумағын жайлап кетеді екен. Мамандар кәдуілгі тікенекті бұтада өсетін жаңғақ секілді пістенің бір ағашынаан екі-үш келі пісте алуға болатынын айтады. Тамыз айының аяғынан бастап қыркүйектің орта тұсына дейін пісте толығымен піседі.


Түлкібастық тау пістесінің орта Азия елдерінде өсетін пістеден ерекшелігі –көлемі кішірек келеді. Ал, құрамы 2 есе майлы яғни, құнарлы. Тәттілігі тіл үйіреді. Тау пістесін көшеттен өсіру өте қиын. «Аталық пен аналық көшетін бір жерге отырғызу керек» - дейді мамандар. Оның өзінде ары қарай алып кетуі екіталай. Алып кеткен жағдайда алғашқы жемісін 30 жылдан соң бере бастайды екен.


Айта кетсек, ата-бабамыз ағаштың бұл түрін киелі ағаштардың қатарына жатқызған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ашаршылық кезінде тау пістесін ас ретінде пайдаланған. Соғыс кезінде қалың болып өсетін ағаштың арасына тығылып, жаудан аман қалған жағдайларда болған екен.