ТҮРКІСТАН: Түлкібаста «Үміт керуені» атты өнер фестивалі өтті

0
1 910

Аталған шараға бойынша ерекшелігі бар өнерлі жандар қатысты.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста «Үміт керуені» атты өнер фестивалі өтті

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында «Үміт керуені» атты өнер фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түлкібас ауданы мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйытқы болуымен «Үміт керуені» атты өнер фестивалі өтті.

Үмітсіз - өмір тұл, жер бетінде барша адам үмітіне құл. Ал, тағдыр сынағын кешіп жүрген жандар үшін үміттін құны алтыннан қымбат. Ертеңгі күнге үмітті жандардың үмітін үкілеуге бағытталған бүгінгі өнер фестивалі «Өмір-өлең», «Ән-ғұмыр», «Мың бұрала би билеп» және «Қолөнер» атты төрт бөліктен тұрды.

"Тағдырдың ауыр тәлкегін басынан өткеріп жүрген, мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан сол ұғымды санасынан өшіріп, алдыға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген Сіздер әр қашанда біздің мақтанышымызсыздар",- деді Түлкібас ауданды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің басшысы Е.Қаратаев,,

Сондай-ақ, фестивальге арнайы қатысқан қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізіп, алғыс хат және естелік сыйлықтармен жастарды марапаттады.