ТҮРКІСТАН: Түлкібастық 285 түлек 100-ден жоғары балл жинаған

0
1 371

Ұлттық бірыңғай тестілеудін бірінші күні республика бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген түлектерді аудан басшысы марапаттады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық 285 түлек 100-ден жоғары балл жинаған

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков білімге деген айрықша құштарлығы мен еңбекқорлығының арқасында ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балға ие болған ауданның мектеп бітірген түлектерін және олардың ата-аналары мен ұстаздарын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлттық бірыңғай тестілеудін бірінші күні республика бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген түлектерге аудан басшысы мектеп қабырғасында алған сапалы білімдері баянды да жарқын болашаққа жетелеп, қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өрлеу жолында өз үлестерін қосатын, таңдаған мамандықтарының таптырмас маманы болуды тілеп, алғыс хат пен ауданымыздың 90 жылдығына орай шыққан кітап және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының лайықты азаматын тәрбиелеуге, оқуда үздік болуына және шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасап, сапалы білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізген түлектердің ата-аналары мен мұғалімдеріне де аудан басшысы өз атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Аудан әкімінің қабылдауына келген түлектер мен ата-аналар, аудан басшысына жүрекжарды алғыстарын айтып, бұл жетістіктің бәрі ауданымызда балалардың жоғары білім алуға жасалынған жұмыстардың нәтижесі екенін жеткізді.

Ауданымызда биылғы оқу жылында 1125 оқушы мектеп бітірсе, соның ішінде 907 ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Нәтижесінде жалпы орта балл көрсеткіші 86,9 пайызды құрап, 285 түлек 100-ден жоғары балл жинаған.