ТҮРКІСТАН: Түлкібастық балуан жеңіс тұғырынан көрінді

0
1 154

​Италияның Неаполь қаласында ХХХ-шы дүниежүзілік Универсиада өтуде.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық балуан жеңіс тұғырынан көрінді

Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ-шы дүниежүзілік Универсиадада дзюдадан абсолюттік салмақ дәрежесінде Қазақстан тұңғыш алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жеңіс туын желбіреткен Түркістан облысы, Түлкібас ауданының тумасы Ғалымжан Қырықбай Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ-шы дүниежүзілік Универсиаданың дзюдодан абсолюттік салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Универсиада чемпионы алғашқы белдесуінде Ғалымжан түркменстандық Ибрагим Союновпен күрессе, екінші айналымда германиялық Бенжамин Боюзгарнмен кездесіп екі айналымда да жеңіске жеткен.

Ширек белдесуде өзбекстандық Давлат Бобоновты ұтса, жартылай финалда қырғыз балуаны Ерлан Шеровтан басым түсті. Универсиаданың финалдық белдесуінде Ғалымжан Қырықбай франциялық Хадриен Ливольсиді жеңіп, осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет дзюдо күресінен чемпионы атанды.

Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы - 1997 жылы 7-ші қарашада қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келгеен. Ғалымжан дзюдо күресімен 14 жасынан бері шұғылданып келеді. Алғашқы бапкері Құрамысұлы Бекежан. Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті.