​ТҮРКІСТАН: Түлкібастық кәсіпкерлер «Ардагерлер аллеясына» демеушілік жасауда

0
1 040


​ТҮРКІСТАН: Түлкібастық кәсіпкерлер «Ардагерлер аллеясына» демеушілік жасауда

Бүгін Келтемашат ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысу барысында аудан әкімі Н.Байғұт Жиынбай ауылына арнайы ат басын бұрып, ауыл тұрғындары есебінен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бой көтерген ескерткіште болды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек» деген еді. Осы мақсатта ауданымызға қарасты Жиынбай ауылында ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен осы ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 85 ер азаматтың есімі жазылған ескерткіш бой көтерді.

Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы осындай ел жүрегінен орын алатын игілікті іске ұйытқы болған барлық азаматтарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, айта кетерлік округ орталығында жомарт жандардың демеушілігімен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына «Ардагерлер аллеясы» бой көтеруде. Ауыл ақсақалының айтуынша нысын құрылысы мамыр айының 11 мен 15 аралығында толығымен аяқталады.
Ауыл тұрғындары карантин режимі алынған соң, ескерткіш басында құран бағыштап, еске алу шараларын өткізуді жоспарлап отыр.