ТҮРКІСТАН: Түлкібастық полицейлер оқушыларды киелі орындарға апарды

0
1 481

Түркістан облысында 18-25 қазан аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық полицейлер оқушыларды киелі орындарға апарды

Түлкібаста «Жасөспірім» іс-шарасы барысында полицейлер оқушыларды киелі орындарға саяхатқа алып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 18-25 қазан аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара Түлкібас аудандық полиция бөлімінде де ұйымдастырылды. «Жасөспірім» іс-шарасы бойынша Жанкент, Б.Момышұлы, Тұрар, А.Асқаров, Лермонтов жалпы орта мектептерінің оқушылары арасында «девиантты» мінез-құлықты балалармен жұмыс атқарылды. Тәртіп сақшылары оқушыларды Түлкібас ауданындағы киелі орындарына саяхатқа шығарды.

Атап айтсақ, «Түркібасы әулиесі», «Ақтас әулие», «Тамшы бастау әулиесі». Саяхатқа шығудың басты мақсаты - жастар арасында патриоттық сезімді ояту, туған жерлерінің қорғаны болуға шақыру, болашақта тәрбиелі-тәртіпті азаматтар болуғатүсіндірме жұмыстары арқылы ықпал ету. Өз кезегінде саяхатқа шыққан оқушылар полицейлерге алғысын білдірді.

«Біздің ауданның полицейлері мейірімді, қамқоршы, қорғаушы екендігіне тағы да көзіміз жетті. Бізді қасиетті жерлерге қыдыртып жүр. Бұл біз үшін естен кетпес тарихи естеліктер болды»,-деп жүрекжарды лебіздерін білдірді. Осылайша, Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты аудан-қалалық полиция бөлімдері «Жасөспірім» іс-шарасын жоғары деңгейде өткізіп, мінезі қиын балаларды дұрыс жолға түсуге шақырып,