ТҮРКІСТАН: Түлкібастық жас спортшылар Әлем рекордын жаңартуды көздеп отыр

0
1 030

Спортшылар гір тасын көтеру спортынан өз бақтарын сынайтын болады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық жас спортшылар Әлем рекордын жаңартуды көздеп отыр

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының жас спортшылары гір тасын көтеруден рекорд орнатпақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында барлық салалармен қатар спорт саласыда қарыштап дамып жатыр. Аудан спортшылары спорттың әр түрінен облыстық, республикалық және әлемдік ареналарда бақ сынап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Солардың бірі гір тасын көтеру спорты. Түлкібас ауданында гір тасын көтеру спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жас спортшылар бар. Олар:

Мұхамеджан Жәнәділ - 2004 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Түлкібас кентіне қарасты А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Гір тасын көтеру спортымен шұғылданып жүргеніне биыл 4 жыл. Бүгінгі таңда 16 келі гір тасын 1200 рет көтереді. 50 келі салмақта жасөспірім және ересектер арасында облыс чемпионы.

Нұржан Ақжан - 2005 жылы Түлкібас ауданының тумасы. Спорттың бұл түрімен 2017 жылдан бастап шұғылданып келеді. Ол 16 келі гір тасын 1000 рет көтереді. 43 келі салмақта жасөспірімдер арасында облыс чемпионы.

Айбасов Әлімжан - 2006 жылы Түлкібас ауданында туылған. Гір тасын көтеру спортына биыл келіп, 16 келі гір тасын 1000 рет көтереді екен. Жақында өткен аудан біріншілігінде бас жүлдені иеленген.

Келесі кейіпкеріміз Үкібаев Ермек - 2005 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Гір тасын көтеру спортымен 2015 жылдан бастап айналысады. Ересектер және жасөспірімдер арасынан облыстың бірнеше дүркін чемпионы.

Гір тасын көтеру спортына бар жән-тәнімен берілген төрт бірдей саңылақтарымыздың айтуынша биылғы жастар жылына орай, еліміздің жастары ретінде әлем рекордын жаңартып, мемлекетіміздін мерейін үстем ету, - дейді.