ТҮРКІСТАН: Тұрақтандыру қорында 544,1 млн. теңгенің тауары бар

0
614

595,8 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды.


ТҮРКІСТАН: Тұрақтандыру қорында 544,1 млн. теңгенің тауары бар

Түркістан облысындағы тұрақтандыру қорында 5 791,5 тонна тауар бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен апталық мәжіліс өтті. Апталық мәжілісте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру жұмыстары туралы баяндалды.


Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда облыстағы тұрақтандыру қорында құны 544,1 млн. теңгені құрайтын 5 791,5 тн. тауар бар. Тұрақтандыру қорының қоймаларында халық көп тұтынатын 81,4 тн. азық-түлік, көкөніс түрлері сақтаулы. Жыл басында тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында 595,8 тонна азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері - 55 тн, ұн - 87 тн, қырыққабат - 142 тн., күріш - 243,8 тн, күнбағыс майы – 20 л, құмшекер – 48 тн.) сатып алынды.