ТҮРКІСТАН: «Тұран» ҚПЛ-дағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

0
748

Енді Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл-Жар» командасымен күш сынасады.


ТҮРКІСТАН: «Тұран» ҚПЛ-дағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Түркістандық «Тұран» футбол командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістандық «Тұран» футбол командасы Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында «Ордабасы» командасымен матч өткізіп, түркістандықтар қарсыласын 1:0 есебімен ұтып, маңызды деген үш ұпайды еншіледі.

Бас бапкер Абдухалық Бөрібаевтың шəкірттері бұл кездесуде өздерінің дұрыс ойын тактикаларын жүзеге асыра білуінің нəтижесінде жеңіске жетті. Осылайша жерлестеріміз турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартты. Гол соққан - «Тұран» командасының шабуылшысы Темірлан Әміров.

Премьер лига командадары арасында облыс намысын қорғайтын «Тұран» командасы енді 9 мамыр күні өтетін 10-турда өз алаңы «Түркістан-Арена» стадионында Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл-Жар» командасымен күш сынасады.

Жуырда ғана Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті «Тұран» командасымен кездескен болатын. Жиында өңір басшысы өзі командаға жанкүйер екенін айта келе, спортшыларға əрдайым қолдау білдіретіндігін жеткізді.