ТҮРКІСТАН: Тұрғындар мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде

0
703

10 жылқы сатып алған.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындар мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламамен кәсіп ашып жатқандардың саны артып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Талғат Айдарқұлов.
Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін әрі қарай кеңейткен. Мемлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған.

"Жылдың басында аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (ЦОП) барып, сол жердегі мамандардың көмегімен тез арада құжаттарымды жинап, тиісті жерге өткіздім. Сөйтіп, көп ұзамай мемлекеттен несие алдым. 4 млн. теңге 6 %-бен. Сол ақшаға 10 бас жылқы алдым. Бүгінгі таңда 10 жылқыдан тәулігіне 15 литр қымыз баптап, литрін 700 теңгеден сатып отырмын. Бір жақсы жері қымызға сұраныс өте жоғары. Базарға немесе дүкенге өткізуге уақыт жоғалтпаймын, керек адам үйден тапсырыс беріп алып кетеді. Ендігі жоспарым - осы малды көбейтіп, жұмыс істеу", - дейді, жеке кәсіпкер.

Айта кету керек, қазіргі таңда, Түлкібас ауданында үйіргелік қоралардан бөлек 10 ірі, 12 ұсақ шаруа қожалықтар жылқы сүтін өндеп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.