ТҮРКІСТАН: Тұрғынүйлердің қасбеті мәрмәр тас және травертинмен қапталып жатыр

0
542

Өмірзақ ШӨКЕЕВ: Сапа – ең басты талап.


ТҮРКІСТАН: Тұрғынүйлердің қасбеті мәрмәр тас және травертинмен қапталып жатыр

Түркістан облысында жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті мәрмәр тас пен травертинмен қапталуда. Қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралаған аймақ басшысы құрылысшылармен кездесті. Биыл пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің құрылыс барысын бақылап, құрылыс материалдарының сапасы мен жұмыс күшінің жеткіліктілігіне баса мән берген облыс басшысы жауапты жетекшілерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Сапа – басты талап. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс материалдары өте сапалы болуы тиіс. Өздеріңіз тұратындай етіп салыңыздар. Жұмыс көлемінің көптігі түсінікті. Десек те, дәл қазір кідіретін кез емес», – деді құрылысшылармен кездескен Өмірзақ Естайұлы.

Аймақ басшысы қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады. Мұнда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-де қараша айының соңында құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр.