ТҮРКІСТАН: Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады

0
1 424

Бүгін түстен кейін және 13 тамызда тәулік бойы желдің күшеюі күтіледі.


ТҮРКІСТАН: Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады

Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

12 тамызда күннің екінші жартысында және 13 тамызда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 м/с болады.

Шымкент қаласына 12 тамызда түстен кейін, 13 тамызда тәулік бойы кей уақытта шаңды дауыл соғып, солтүстік батыстан соққан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында бүгін түстен кейін, ертең тәулік бойы кей уақытта шаңды дауыл тұрып, солтүстік батыстан 15-20 м/с күшті жел соғады.