ТҮРКІСТАН: Түрлі этнос өкілдерінің жастары киел Отырар төбеде бас қосты

0
1 513

Түркістан облысында түрлі этнос өкілдерінің жастарынан құралған топ қасиетті орындарды аралады.


ТҮРКІСТАН:  Түрлі этнос өкілдерінің жастары киел Отырар төбеде бас қосты

15 мамыр ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Отырар ауданының әкім аппаратының ұйымдастыруымен киелі Отырар жерінің тарихи құндылықтарымен танысу күні болды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа облыс орталығы қасиетті Түркістан жерінде түрлі этнос өкілдері қоныстанып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан аймақ бірлігінің жарқын үлгісі. Ең бастысы, өңір жұртшылығы татулықты ту етіп, терең бауырластықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Қасиетті мекенге табан тіреген облысымыздағы түрлі ұлт өкілдері алдымен қасиетті Арыстанбаб кесенесіне, Отырартөбе және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейіне ат басын тіреді.

Саяхатты бабтардың бабы Арыстанбаб кесеніне зиярат жасаудан бастаған жастар қасиетті өлкенің тарихи жәдігерлерімен,сыр шертетін құндылықтарымен жан-жақты танысты.

Экспедиция барысында Отырар ауданының тарихына қаныққан жастар алған әсерлерімен бөлісіп, ғасырлардан сыр шертетін қақпа алдында естелікке суретке түсті.