ТҮРКІСТАН: Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдеріне құрмет көрсетілді

0
2 049

Қала жастары С.Қожанов саябағындағы «Азалы ана» стелласына, «Кеншілер» саябағына, Қонаев даңғылына тазалау жұмыстарын жүргізді.


ТҮРКІСТАН: Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдеріне құрмет көрсетілді

Кентаулық жастар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен аталған көшелер мен даңғылдарды және ескерткіштерін тазалау, үйлеріне барып қолғабыс жасау жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қала жастары С.Қожанов саябағындағы «Азалы ана» стелласына, «Кеншілер» саябағына, Қонаев даңғылына тазалау жұмыстары жүргізді. Абаттандыру ісіне белсенді түрде атсалысқан жастар аллеяларды артық шөптерден тазартып, гүл егетін орындарды дайындады.
Қарнақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ергеш Салиев пен тыл еңбеккері Анарбай Әбсадықовдың үйіне барып жағдайын білді. Сый-сияпат жасап, ұлағатты әңгімелерін тыңдады.