ТҮРКІСТАН: Ұрланған көлікке басқа нөмір тағып айдап жүрген

0
970

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді.


ТҮРКІСТАН: Ұрланған көлікке басқа нөмір тағып айдап жүрген

Түркістан облысы полицейлері көлік ұрлап, оған басқа нөмір тағып айдап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсіреді. Ол өз арызында түнгі уақытта тұрғын-үйінің ауласында тұрған «Мерседес» маркалы автокөлігін белгісіз біреулер заңсыз айдап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 800 000 теңгені құрады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Ордабасы АПБ-нің КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер жәбірленушімен бірге жақын аймақтарды аралап шықты, көліктің табылуы мақсатында қажетті барлық іс-шараларды жүзеге асырады. Тәртіп сақшылары 3 күн бойына ұрланған көлікті іздестіру жұмыстары қарқынды іске асырылады.

Нәтижесінде қылмысқа күдікті Шымкент қаласынан табылды. Жәбірленуші көшеде кетіп бара жатқан бірнеше көліктер арасынан мемлекеттік нөмірі өзгертілседе өз көлігін танып қалады. Полицейлер аталған көлікті тоқтатып, көлік жүргізушісінен жауап алу барысында оның іздестіріліп жүрген күдікті екенін анықтайды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлерге берген жауабында күдікті түнгі уақытта көлікті ішінде кілтімен тұрғанын көріп, жымысқы ойын іске асыру мақсатында ауладан итеріп шығарып, айдап кеткенін мойындаған. Жоғалған көлік айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Тергеу барысында ұсталған күдікті сыбайласымен мал ұрлығын жасағаны анықталды. Мұнда күдіктілер жәбірленушінің қазыққа байланып тұрған бұзауын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 110 000 теңгені құраған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдіктінің айтуымен сыбайласы да ұсталды. Бүгінде күдіктінің біреуі қамауда, екіншісінің бас шарасы «қолхатта».