ТҮРКІСТАН: Үш айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 117,9 млрд. теңгеге жетті

0
498

Инвестицияның өсу қарқыны 59,3%-ды құрады.


ТҮРКІСТАН: Үш айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 117,9 млрд. теңгеге жетті

Түркістан облысының даму жоспарының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» бекітіліп, ауқымды 127 индикатор айқындалған. 2022 жылдың І тоқсанында индикаторлардың нақты орындалғаны – 109 немесе 86%. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдің даму жоспарының І тоқсандағы орындалу барысы талқыланып, мәселелер мен алдағы атқарылар жұмыстар сөз болды.


«Түркістан облысының даму жоспарында барлық маңызды мәселелер сарапталып, енгізілген. Әр салаға жауапты басшылар, азаматтар, қызметшілер өздеріне жүктелген индикаторларды сапалы әрі жүйелі орындаулары тиіс», – деді Өмірзақ Шөкеев.


Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2021 жылдың 9 айында халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 1200,0 АҚШ долларын құрады немесе жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 904,2 мың теңге. Жыл қорытындысымен бағдарламада жоспарланған көрсеткішке қол жеткізіледі деген жоспар бар. 2022 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 2019 жылғы деңгейге қарағанда 59,3%-ды құрады.


Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау бойынша 17 жоба мақұлданып, қолдау тапқан. Үш айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 117,9 млрд. теңге болды. Үйге ортақ жылу және су есептеу аспаптарымен қамтамасыз ету деңгейі 59,9%-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 113,9 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға артып отыр.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев білім беру, денсаулық сақтау, инвестиция, кәсіпкерлік, спорт, туризм және өзге де салалардағы жоспарларды уақытында орындауды тапсырды. Әрбір индикатор бойынша мониторинг жүргізіліп, тұрақты түрде бақылауда болады.