ТҮРКІСТАН: Үш азамат ауылдастарына арақ ішкізіп, тонап кеткен

0
617

Алюминий сымның орнына мал сұраған.


ТҮРКІСТАН: Үш азамат ауылдастарына арақ ішкізіп, тонап кеткен

Түркістан облысында ауылдасын тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының полицейлері ауылдасына ішімдік ішкізіп, тонап кеткен үш күдіктіні қолға түсірді. Олар жерлесінің 2 бас қойын ұрлап кеткен.


Тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктілерді тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Белгілі болғандай, жәбірленуші ер адамның Созақ ауданы Шолаққорған ауылынан 15-20 шақырымдық жерде орналасқан мал қорасына сырттай таныстары келіп, үйінің есігін бұзу арқылы ішке кірген. Содан соң, өздерімен бірге алып келген спирттік ішімдікті үй иесіне қинап ішкізіп, қорасының артындағы алюминий сымдарын сұраған. Жәбірленуші оны бере алмайтынын айтқан сәтте, күдіктілер орнына қой сұрап, оған күш көрсеткен. Осы кезде күдіктінің бірі қорасындағы қойларының ішінен 2 бас уақ малды алып шығып, өздерімен бірге алып кеткен.