ТҮРКІСТАН: ​Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

0
1 094

8 жоба ұсынылып, жан—жақты таныстырылды.


ТҮРКІСТАН: ​Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық конкурсына Түркістандықтар да қатысып, бақ сынайды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында аталған конкурстың облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Жобаның мақсаты - «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» мақсаттарын іске асырып, партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары арқылы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.
Комиссия құрамына 8 жоба ұсынылып, жан—жақты таныстырылды.
Мәселен, «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының» президенті Еркін Шалтан «Биікке самға» атты жобаны алып келген. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеп, қажетті ақпараттармен қамтымақ. Қазіргі кезде қор мүшелері өз күштерімен арнайы ғимарат салып жатыр. Сол жерде тағдырдың сынағына ұшыраған жандардың кәсіп ашып, түрлі салаларды еңбек етуіне қажетті кеңестер беруді жоспарлап отыр.
Конкурсқа Шоқан Байсенгіров «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз», Хамзе Оразәлі «Сенім», Бабиржан Асаев «Өмірге құштарлық», Владислав Голярко «ЭкоЭволюция», Біржан Саржанов «Біз біргеміз», Айдос Иманбеков «Жастарға жарқын болашақ», Талғат Исмаилов «Бақытты балалық шақ» жобаларын алып келіпті.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен комиссия мүшелері үздік жобаларды анықтап, республикаға жолдама берді.