ТҮРКІСТАН: Вакцина салуға 10 егу бөлмесі мен бір жылжымалы бригада жұмылдырылған

0
577

5190 адамға бірінші компонент вакцина салынған.


ТҮРКІСТАН: Вакцина салуға 10 егу бөлмесі мен бір жылжымалы бригада жұмылдырылған

Түркістан қаласында 709 адам ерікті түрде екпе салдырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында соңғы бір апта ішінде 709 адам ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Одан өзге 400 мемлекеттік қызметкер мен 122 полиция қызметкері вакцина қабылдады.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін 5190 адамға бірінші компонент вакцина салынды. Ал, екінші компонент алғандар саны 1215-ті құрайды. COVID-19-ға қарсы вакцина егу мақсатында 10 егу бөлмесі және бір жылжымалы бригада жұмыс істеуде.

Облыс орталығына 23-28 сәуір аралығында 7000 вакцина әкелініп, ерікті азаматтарға салуға мүмкіндік туады. Қазіргі таңда Түркістан қаласына бөлінген вакцина толығымын қабылданған.