ТҮРКІСТАН: «Ырыс» МҚҰ дихандарға қолдауды арттырған

0
1 536

Өтінімдер арқылы әр жылдың ақпан айында берілетін несие жыл соңында толық қайтарылуы тиіс.


ТҮРКІСТАН: «Ырыс» МҚҰ дихандарға қолдауды арттырған

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Мақтаарал және Жетісай аудандарының шаруаларына 687 млн теңге несие берген деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2010-жылдан бері ауыл шаруашылығы салпсын қаржыландырып келе жатқан «Ырыс» микроқаржы ұйымы биылғы жылдың басында Мақтаарал ауданында 162 шаруа қожалыққа 298 млн 60 мың теңге, ал, Жетісай ауданында 209 шаруа қожалыққа 389 млн 60 мың теңге несие таратқан.

Сондай несие алушылардың бірі – Жетісай ауданы, Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Әшірхан ата» шаруа қожалығы. Иелігіндегі 100,27 га суармалы алқапқа мақта тұқымын сепкен қожалық басшысы Абразаков Аралбай биыл «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 13 млн теңге алған. 2010-жылдан бері қаржы ұйымымен келісім-шарт негізінде жұмыс істесіп келе жатқан шаруа қожалығы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Науқанда қосымша тағы 30 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға қауқарлы.
Ал, Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округінде орналасқан «Укажан» шаруа қожалығы 39,40 гектар егістігіне «Ырыс» қаржы ұйымынан 5 млн 120 мың қаржы алған. Бүгінде 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық өткен жылы да алған қаржыны уақытылы қайтарған. Биыл да мерзімінен кешіктірмеуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Мақтаарал және Жетісай аудандары тұрғындарының басым бөлігі 2010-жылдан бері «Ырыс» қаржы ұйымының қызметін тұрақты пайдаланушылар болғандықтан жыл сайынғы несие дер кезінде толық өтеліп келеді.