​ТҮРКІСТАН: Заңсыз жолаушыларды тасымалдауға тосқауыл қойылып отыр

0
1 312

Түркістанда өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 12 хаттама түзілді.


​ТҮРКІСТАН: Заңсыз жолаушыларды тасымалдауға тосқауыл қойылып отыр

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталғана рейдтік іс-шарасы Ордабасы ауданы және Түркістан қаласында ұйымдастырылған. Бірлескен рейдтік шараларды облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы және Түркістан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының полиция қызметкерлері де атсалысты.

Өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 12 хаттама түзілді. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалымен айналасатын көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.