ТҮРКІСТАН: Жағдайы төмен отбасыға демеушілер үй салып жатыр

0
654

Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үй салынуда.


ТҮРКІСТАН: Жағдайы төмен отбасыға демеушілер үй салып жатыр

Сайрам ауданында тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға демеушілер қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сайрам ауданының жаны жомарт азаматтары мұқтаж отбасын баспанамен қамтуға ниетті.


Демеушілер есебінен Хамдам Хадиметовтің жанұясына Қарамұрт ауылдық округі, Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үй салынуда. Баспана құрылысы ағымдағы жылы қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр.


Құрылыс жұмыстарын Зульфия Өмірзақова бастаған «Нур Ихсан» қоры қаржыландырған. Отағасы Хамдам – мал бағушы, әйелі - үй шаруасында. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы 1 бөлмелі үйді паналап отыр.


Қазіргі таңда жаңа үйдің есік-терезелерін орнатуға тапсырыс берілген. Сондай-ақ, жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі де өз шешімін табады.