ТҮРКІСТАН: Жалғысбасты анаға көмек көрсетілді

0
550

Жомарт жанның демеушілігімен қажетті заттарға қол жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Жалғысбасты анаға көмек көрсетілді

Жетісай ауданында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бес баланы асырап отырған, жалғыз басты ана Майлиева Айсапар кәсіп бастағысы келетіндігін және соған қажетті заттарды қаражаттың жетіспеушілігінен алалмай отырғандығын айтып, осы мәселе бойынша көмектесуін өтініп келеді.

Аталмыш орталықтың қызметкерлері жалғыз басты анаға көмек беру мақсатында “Үміт шуағы” қайырымдылық қорының төрағасы Бидайбек Жайсанғалиға өтінішпен шығады. Өз кезегінде Жайсанғали көмек көрсетуге дайын екенін айтып, нәтижесінде жомарт жанның демеушілігімен қажетті заттарға қол жеткізілді. Атап айтатын болсақ, олар - газ плитасы, вытяжка, вафельница. Сонымен қатар жалға алып отырған жұмыс орнының алғашқы айының төлем ақысы Айсапардың қолына табысталды.

Майлиева Айсапардың өз кәсібін жүргізіп, нәпәхасын тауып, отбасын асырауына көмек көрсеткен орталықтың қызметкерлеріне және кәсіпкер Жайсанғалиға ризашылығын білдірді.