ТҮРКІСТАН: Жаңа форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

0
580

Мұндай формат тұрақты негізде қолданылады.


ТҮРКІСТАН: Жаңа форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Сарыағаш ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен онлайн режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Сарыағаш ауданы әкімдігіне қарасты жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.


Тікелей эфирде алғаш рет өткізілген жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды. Мысалы, пайдаланудағы құжаттандырылған жеке тұрғын үйге шешім алу туралы толық түсініктеме берілді.


Сондай-ақ, желі қолданушыларын ауыл шаруашылық машиналарын тіркеуді жүзеге асыру үшін көрсетілетін қызметті алушы қандай құжаттарды ұсыну мәселесі алаңдатты. Жәрмеңкеге 65-тен астам көрермен қатысып, барлығы 13-ке жуық өтініш қаралды.


Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкені онлайн режимде өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені желі қолданушылары тарпынан келіп түскен сын-пікірлерге жауапты мекеме мамандары шұғыл жауап беріп, бағыт бағдар берді. Қорытындылай келе, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Е.Мусаев іс-шараның мұндай форматы тұрақты негізде қолданылатынын мәлімдеді.