ТҮРКІСТАН: Жаңа қоғамдық көліктерде көліктерге төлем жасаудың онлайн әдісі енгізіліп жатыр

0
1 740

Онлайн төлем жасаудың бірнеше түрі бар.


ТҮРКІСТАН: Жаңа қоғамдық көліктерде көліктерге төлем жасаудың онлайн әдісі енгізіліп жатыр

Түркістандағы жаңа қоғамдық көліктерде онлайн төлем жасауға болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, жақында қолданысқа берілген SAZ-LE 60 маркалы автобустарға төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын құрылғылар орнатылуда.

Солардың бірі - Alem Pay электронды төлем жүйесі. Alem Pay электронды төлем жүйесінен үш түрлі әдіспен төлем жасауға болады:

1. КӨЛІК КАРТАСЫ;

2. БАНК КАРТАСЫ;

3. SMS ТӨЛЕМІ.

Сонымен қатар, activ-тен көлік және QR коды бойынша жол ақысын төлеуге болады. Ол үшін өзіңізге қолайлы төлем тәсілін таңдап, жол жүру билетін аласыз. Alem Pay электронды билет жүйесі қызметіне төмендегідей әдістермен жүгінуге болады:

1) «SMSBUS Пассажир» бағдарламасымен; (Playmarket немесе IOS жүйелерінен «SMSBUS Пассажир» бағдарламасын жүктеп алып, жеке ұялы телефоныңызды немесе банк картаңызды тіркеп, сканерлеп төлеуге болады) Сонымен қатар, Alempay ЖШС-ң "smsbus" жүктемесі арқылы өзіңізге қажетті бағытты бақылап, сізге жақын автобустардың қозғалысын көре аласыз.

2) Kaspi.kz жүктемесі арқылы; (Төлемдер бөлімінен «AlemPay» іздеп төлеу)

3) Halyk Bank жүктемесі арқылы; (sms немесе QR кодты автобус ішіндегі QR кодты сканерлеп төлеу).

Сондай-ақ, Kcell және activ, beeline қосымшаларында көлік коды немесе QR коды бойынша ақы төлеуге болады. Ол үшін:

- Көлік салонында орналасқан жапсырмадан көлік кодын енгізіңіз немесе QR кодын сканерден өткізіңіз,

- Төлемді растаңыз және электрондық билетіңізді «Менің билеттерім» бөліміндегі қосымшадан бірден алыңыз.

Одан бөлек, 2505 қысқа нөміріне SMS жолдау арқылы төлеу әдісі бойынша:

- Көлік кодын SMS арқылы жіберіп,

- SMS арқылы электрондық билетіңізді алыңыз. Электрондық билетті қажет болған жағдайда бақылаушыға көрсету керек.

«AlemPay» электронды билет жүйесінен қандай да мәселелер туындаған жағдайда +77770002505, +77070002505, +77000002505 нөміріне хабарласа аласыздар.