​ТҮРКІСТАН: Жаңа оқу жылынанда жаңа пәндер оқытылады

0
1 715

Оқушыларға «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Кескін және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды.


​ТҮРКІСТАН: Жаңа оқу жылынанда жаңа пәндер оқытылады

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пәндер оқытыла бастайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласында өтіп жатқан «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесінде айтылды.
Биыл жаңартылған мазмұнға 4, 9, 10-сыныптар өтеді, ал 11-сыныптардың келесі жылы өтуіне байланысты республиканың 30 мектебінде апробация жүргізіледі, жаңа оқу жылынан бастап, үш жаңа пәндер енгізіледі. Атап айтқанда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Кескін және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды, жаңа бағдарламаға сәйкес 9-сыныптарға «Құқық негіздері» пәні енгізілді.
Айта кетейік, конференцияның пленарлық отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары, облыс мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің өкілі, аудан-қала әкімдері, аудандық-қалалық білім бөлімдерінің басшылары, педагогтар, қоғамдық ұйым басшылары, ата-аналар, комитет төрағалары қатысты.