ТҮРКІСТАН: Жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды

0
618

Зерделеу жұмыстары бастау алды.


ТҮРКІСТАН: Жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ғылыми зерттеу жұмыстарын пысықтау бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының тарихы мен еліміздегі жерасты қылуеттерін зерттеу бағытында қолға алынған жобаларды жүзеге асыруды үйлестіруге арналған жиынға белгілі тарихшылар мен ғалымдар онлайн режимде қатысты.


Айта кетсек, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ғылым және ғылыми зерттеу бағытындағы конкурсынан «Қазақстанның рухани жер асты мешіттерінің тарихы»және «Қылует жерасты мешітін» музейлендіру», «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын кешенді зерттеу» тақырыптары аясында қос грантқа ие болған болатын. Қазіргі таңда, аталған тақырыптар бойынша тарихи материалдар мен жазба деректерді жүйелеу, ғылыми әдебиеттердізерттеу, зерделеу жұмыстарыбастау алды.