Түркістан жастары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

0
1 398

Кездесуге Бекзат мөлтек ауданының ардагерлер алқасының төрағасы Кеңес Нәсірәлі, зиялы қауым өкілі Тамара Қиямбекова, сондай-ақ, "Бізбен бірге" қоғамдық қорының президенті Ботагөз Ізтілеу қатысты.


Түркістан жастары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы, "Бізбен бірге" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастарға бағыт-бағдар беру, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен жастар арасындағы кездесу, семинар-тренингі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қоғам белсендісі Әсет Әссандидың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

Кездесуге Бекзат мөлтек ауданының ардагерлер алқасының төрағасы Кеңес Нәсірәлі, зиялы қауым өкілі Тамара Қиямбекова, сондай-ақ, "Бізбен бірге" қоғамдық қорының президенті Ботагөз Ізтілеу қатысты.
Семинар-тренинг барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» айтылғандай сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселер талқыланды.