ТҮРКІСТАН: «Жасыл белдеу» орнату мақсатында 3,5 млн. түп ағаш егілген

0
678

Қаланы дамытудың 2-кезеңінде 1,3 трлн. теңге инвестиция тартылады.


ТҮРКІСТАН: «Жасыл белдеу» орнату мақсатында 3,5 млн. түп ағаш егілген

Түркістан қаласы аумағында 13 мың гектар жерге ағаш егілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


«Түркістан қаласы аумағына «Жасыл белдеу» орнату мақсатында 13 мың гектар жерге 3,5 млн. түп ағаш егілді. Шаһар газдандырылды. Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы – жеке инвестициялар», - деген Өмірзақ Шөкеев Түркістанда теннис орталығы, мұз сарайы, ат спорты кешені және демалыс орындары ашылатынын айтты.