ТҮРКІСТАН: Жедел медициналық көмек машиналарына «Көмек» басқару жүйесі енгізілді

0
2 765

Түркістан облысында жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі қойылып, барлық машиналар GPS навигациямен орнатылған.


ТҮРКІСТАН: Жедел медициналық көмек машиналарына «Көмек» басқару жүйесі енгізілді

Түркістан облысында компьютерлік роботталған нейрохирургиялық жүйе орнатылып, омыртқада орналасқан жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылуда – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бриингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша кең көлемде айтып өтті.

Қазақстанда алғаш рет Витилиго орталығы ашылып, Витилигоны жаңа хирургиялық әдіспен емдеу еңгізіліп отыр.Стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылған. Жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізіліп, барлық машиналар GPS навигациямен қамтамасыз етілген.

"Түркістан облысы бойынша стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылды. Шұғыл көмек көрсету бойынша BLS, ACLS, PALS, PHTLS халықаралық стандарттарға жедел жәрдем қызметкерлері, оның ішінде 189 дәрігер, 743 фельдшер оқытылды. Сондай-ақ, «Санитарлық автокөлікті қауіпсіз жүргізу» циклы бойынша 564 жүргізуші оқытылды", – деді Мұқан Кеңсбекұлы.
Қазірде қоғамдық денсаулық сақтау саясатын жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасында құрылып, жұмыс істеп жатыр екен.