ТҮРКІСТАН: Желіні шулатқан жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты

0
2 149

"Лада" автокөлігімен соқтығысқан.


ТҮРКІСТАН: Желіні шулатқан жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты

Түркістан облысы Келестік әкімшілік соттың шешімімен "Chevrolet" пикапының егде жастағы жүргізушісіне айыппұл салып, бір жарым жылға жүргізуші куәлігінен айырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде "Chevrolet"автокөлігі жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзғанын анықтаған болатын. Тексеру барысында оқиға Келес ауданында орын алғаны нақтыланып, онда егде жастағы ер адам пикапты басқара отырып жол ережесін өрескел бұзған. Оған қоса қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Лада" автокөлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны "Chevrolet" жүргізушісіне қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 4 бірдей бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

"593 бап " Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау", 601-бап " жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау", 610-бап " көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы "және 611-бап "жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы". Әкімшілік іс жүргізу барысындағы жиналған материалдар Келес ауданының сотына ер адамды жүргізуші куәлігінен айыру мен әкімшілік айыппұл салу үшін жолданған болатын. Жол көлік оқиғасына кінәлі егде жастағы жүргізушінің "Лада" көлігінің жүргізушісіне материалдық шығынын өтегенін ескере отырып, Түркістан облысының Келес аудандық соты құқық бұзушыға 8 АЕК есебінде айыппұл салып, 1,5 жылға дейін автокөлік басқару құқығынан айырды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.