ТҮРКІСТАН: «Жеңіс» саябағында жаңажылдық шырша өтті

0
513

Балаларға арналған мерекелер 30, 31 желтоқсан күндері жалғасын табады.


ТҮРКІСТАН: «Жеңіс» саябағында жаңажылдық шырша өтті

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа жыл мерекесіне орай Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ойыншықтармен безендірілген шыршаның маңына жиналған балалар Аяз ата мен Ақшақармен түрлі ойындар ойнап, ертегі кейіпкерлерімен бірге ән мен би әлеміне саяхат жасады.


Мерекеде балалар түрлі жұмбақтарды шешіп, Аяз атаның сыйлықтарына ие болды. Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген мерекелік іс-шараға жиылғандар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Балаларға арналған мерекелер 30, 31 желтоқсан күндері жалғасын табады.