ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданы 340 мың тонна мақта алуды жоспарлап отыр

0
2 080

Мақтаның орташа өнімділік гектары 21,6 центнерді құрап отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданы 340 мың тонна мақта алуды жоспарлап отыр

Түркістан облысы бойынша 131,1 мың гектар алқапқа мақта егілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданы бойынша 45 028 га аумақты құрайды. Қазіргі таңда аудан бойынша 1097,5 гектардан мақта жиналып, орташа өнімділік гектарына 21,6 центнерді құрап отыр. Бұл туралы Түркістан облысы, Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дастан Дүйсенбаев мәлімдеді.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында биыл егілген 131,1 мың гектар мақта алқабынан 340 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Бүгінгі күнге облыс бойынша 1,44 мың гектар алқаптан 3,2 мың тонна мақта жиналып, өнімділік 21,8 ц/га құрап отыр.

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 3,5 млрд. теңгеге артық өндірілген.

«2019 жылы ауданда 77,3 мың гектар астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 4931 га, мақта – 45028 га, көкөніс және бақша дақылдары – 19884,6 га, мал азықтық дақылдары - 6474 га, жеміс жидек және жүзім - 883,7 га. Осылардан алынған өнімге келсек, дәнді дақылдардан – 16951 тонна, көкөніс және бақша дақылдарынан –557661,6 тонна, мал азықтық дақылдардан - 101882,4 тонна, жеміс-жидек және жүзімнен -7152 тонна өнім алынды», - деді Дастан Дүйсенбаев.

Ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алудың бірден-бір жолы – ол тұқым сапасын арттыру. Осыған байланысты ауданда отандық шит дайындау жұмыстарын жүргізілуде. Бүгінгі күнге ауданда 3 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді. Мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығын қолдау шаралары да жүргізілуде.