Жетісай ауданының әкімі мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді құттықтады

0
2 667

Іс-шараға аудан басшыларымен қатар ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері шақырылды.


Жетісай ауданының әкімі мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді құттықтады

1-қыркүйек мектеп оқушыларының асыға күтетін салтанатты мерекесі. Өйткені – жаз бойы демалып, алтын ұяларын сағынған оқушылар алтын ұяларына асыға келеді. Алғашқы қоңырау соғылып, сынып парталарына отырады. Бұл күн бәріне қымбат. Өзге аудандардағы секілді алғашқы қоңырау меркесі Жетісай ауданында да өз деңгейінде аталып өтті. Аудан әкімі мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді құттықтап, ұстаздарға табысты еңбек пен жеңісті сәттерді тіледі деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1-қыркүйек білім күні мерекесіне Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлы арнайы қатысып, өзі білім алған №4 «Абай» атындағы мектеп-гимназиясында болды. Бұл күнде кейбір бүлдіршіндер мектеп табалдырығын жаңадан аттаса, енді бірі сыныптан сыныпқа ауысып, бір жасқа өседі.
Іс-шараға аудан басшыларымен қатар ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері шақырылды.

Аудан басшысы соңғы жылдары мемлекеттік қамқорлықтардың нәтижесінде мектептерге жасалып жатқан қамқорлықтарға ерекше тоқталып, мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 90 бүлдіршінді құттықтап, ұстаздарға табыс тіледі.
«Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, оқушылар! Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымыздың айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңыдың отбасыларыңыздан береке кетпей, істеріңіз табысқа толы болсын! Бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттаған қадамдарың берекелі, несібелі қадам болып, тәуелсіз елімізді гүлдендірер, экономикасын алға сүйрер елжанды азаматтар болып жетілсін деген тілек білдіргім келеді!», деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Өткен оқу жылын табысты тәмамдаған аудандық білім бөлімі биылғы оқу жылында бұл көрсеткіштерді еселеуге бар күш-жігерімізді саламыз деп отыр. Өйткені, дамыған елдермен иық тіресе алатын қоғам құруда білімді ұрпақтың рөлі үлкен. Мемлекет білім саласына ерекше қамқорлық танытып отырған шақта ұстаздар қауымының жауапкершілігі де арта түсетіні сөзсіз.