​ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмектің 54 млн. теңгеден астамы кері қайтарылатын болды

0
2 426

Ауданда 122 отбасының табысы жасырылған болып шығып, жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен асып кеткен.


​ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмектің 54 млн. теңгеден астамы кері қайтарылатын болды

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмекке төленген 54 млн. теңгеден астам қаржы кері қайтарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов мәлім етті.

Жетісай ауданында 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 7795 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Әйтсе де, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан аудан бойынша жолданған 2823 отбасының 701-не қайта талдау жүргізіліп, 141 отбасыға қаржыны кері қайтару, 560 отбасыға қайта есептеу жүргізілуі ұсынылған.
Жүргізілген талдау барысында 122 отбасының жалған және дәйексіз мәліметтер ұсынып отбасыға кіретін табысты жасырғаны, жасырған табыстарын қоса есептегенде жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінен асып кеткендігі анықталып, оларға тағайындалған 134 917 840 теңгенің 9 920 941 теңгесі төленген. Бұл отбасыларға төленген қаржыны ерікті түрде кері қайтару жөнінде ескерту хабарламасы берілсе, қалған 19 отбасыға атаулы әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалғандығы анықталған.
Сонымен қатар, 560 отбасыға қайта есептеу жүргізіліп, оның 359-на тағайындалған 258 678 236 теңгенің 233 997 902 теңгесі төленіп, 24 680 334 теңге үнемделген.
Жалпы аудан бойынша 701 отбасының талдау барысында 259 отбасыға 54 268 559 теңге қаржыны кері қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке Жетісай ауданына Республикалық, жергілікті бюджеттермен қатар Ұлттық қордан 8 646 186 мың теңге қаржы қаралған болатын.