ТҮРКІСТАН: Жетісай драма театрында жаңа туынды сахналанды

0
686

Өнердегі қиыншылықтар, қуаныш-қайғы бейнеленген.


ТҮРКІСТАН: Жетісай драма театрында жаңа туынды сахналанды

Жетісай драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданындағы қарашаңырақ өнер ордасы – Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. ҚР Мәдениет қайраткері – театр директоры Бақыт Сраилов бастаған ұжым театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ө.Пістебектің «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасының тұсауын кесті.


Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты Тілеген Ахметтің режиссерлығымен көрермендерге жол тартқан «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасында белгілі өнер тарланы, ұлы актер, талантты режиссер Құрманбек Жандарбековтың қазақ өнер сахнасын жанындай сүйгендігі, осы жолда көрген қиыншылықтары, қуаныш-қайғысы кеңінен бейнеленген.


Театр әртістері сталиндік зұлматтар тұсында өмір сүрсе де ардан аттамаған, 1936 жылы Қазақстанның Халық әртісі, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталып, үлкен театрларды басқарса да өн бойынан адамгершілігін, қарапайымдылығын, ізгілігін жоғалтпаған Құрманбек Жандарбековтың жарқын бейнесін жетісайлықтарға жоғары деңгейде жеткізді.