ТҮРКІСТАН: Жетісай-Шардара жолында 4 адам қаза тапты

0
1 596

Жол апаты 28 мамыр шамамен сағат 14:30-да орын алған.


ТҮРКІСТАН:  Жетісай-Шардара жолында 4 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, деп жазады Polisia.kz.

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta”көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.



Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.