ТҮРКІСТАН: Жетісайда алаяқтықпен айналысып келген азаматша құрықталды

0
1 458

Жетісай аудандық сотының қаулысымен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда алаяқтықпен айналысып келген азаматша құрықталды

фото: ашық дереккөзден алынды

Жетісайда бөтеннің сеніміне кіріп, алдау арқылы ақша тауып келген алаяқтар ұсталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жүргізілген тергеу нәтижесі анықтағандай сотталушы азаматша алаяқтық жолмен 2 жылдан бері айналысып келген.

Жетісай қаласының тұрғыны 2018 жылдың желтоқсан айында алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жәбірленушілер екі азаматтың сеніміне кіріп, олардың балдарының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленушіден кешірім алып беремін деп алдап, бірінен 350 мың теңге, ал, екіншісінен 427 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен заңсыз иемденген.

Мұнымен қоймай алаяқтық қылмыстық іс-әрекеттерін жалғастырып, 2019 жылдың қаңтарында өзінің танысын мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алдап 500 мың теңге ақшасын иемденген.

Осылайша, бөтеннің мүлкін жәбірленушілердің сеніміне кіріп, алдау арқылы бірнеше рет жымқырған.

Сот тергеуінде сотталушы өзіне тағылған айыптарды толығымен мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрағанын, олармен татуласқанын, оларға келтірілген залалды толық өтегенін айтқан. Жәбірленуші тараптар да сотқа залалдың толық өтелгенін, сотталаушымен татуласқандарын растайтын құжаттарын көрсетіп, кешірім берген.

Десек те, Жетісай аудандық сотының қаулысымен алаяқтық жасаған сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Алаяқтық жолмен сенімге кіріп, алдау арқылы бөтеннің мүлкін, ақшасын иемденіп пайда табу – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен жазаланатындығын ескертеміз, ал, осындай заңсыз іс-әрекеттерге тап болған азаматтар құқық қорғау органдарына жүгінуге болатындығын түсіндіреміз»,- дейді Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев.