​ТҮРКІСТАН: Жетісайда балалар құқығының мәселесі талқыланды

0
1 504

Комиссия мүшелері бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен тілдесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды көздерімен көріп, оң бағасын берді.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда балалар құқығының мәселесі талқыланды

Жетісай ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі “Балалар құқығын қорғау комиссиясының” мүшелерінің қатысуымен жиын болып өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, денсаулық сақтау мекемесінің дәрігерлері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары қатысты.

Негізгі мақсаты ауданда кәмелетке толмағандардың құқын қорғау, денсаулықтарын назардан тыс қалдырмау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жұмысты жақсарту, ана мен бала өлімінің алдын алу, кәмелетке толмағандарға қарсы қолданылатын тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау болып табылатын жиынды Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі “Балалар құқығын қорғау комиссиясының” жетекшісі, “NurOtan” партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің консультанты Жұмабекова Рысты Мағауияқызы жүргізіп отырды.

Аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, алдағы жоспарлар талқыланды. Жұмыс сапасын жақсарту бағытындағы ұсыныс-пікірлерді тыңдады.

“Бала біздің болашағымыз. Олардың әрбір қадамына, әрбір іс-әрекеттеріне біз жауаптымыз. Сондықтан, бала тәрбиесінде, ұрпақ болашағында сенікі, менікі деген дүние болмауы керек. Оларға уайымсыз, қайғысыз бақытты балалық сыйлауға біз міндеттіміз. Бұл бағытта біз бірігіп жоспар түзіп, ақылдасып жұмыс жүргізгенде ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізетін боламыз”, - деді “NurOtan” партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің консультанты Рысты Мағауияқызы.

Аудан әкімдегінде өткен алқалы жиыннан соң комиссия мүшелері бірқатар нысандарды аралап, Жетісай аудандық орталық ауруханасында болды. Тұрғындармен, мамандармен еркін форматта тілдесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды көздерімен көріп, оң бағасын берді.