ТҮРКІСТАН: Жетісайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

0
521

10 азамат жұмысқа жолдама алса, кәсіптік оқуға 5 адам жіберілді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жетісайда есепте тұрған азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында аудан бойынша түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында арнайы жиын болып өтті. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, консультациялық кеңесші орган төрағасының орынбасары Әділхан Әбжанов төрағалық жасаған басқосуға Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Дильшат Назаров бастаған бөлім инспекторлары, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Медет Қасымов, түзету мекемелерінен босатылған азаматтар қатысты.


Күн тәртібінде аудандағы түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға қайта бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарына жұмысқа шақыру жәрмеңкелерін сапалы, нәтижелі ұйымдастыру болды.


«Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 8 маусымындағы жарлығымен іріленген Мақтарал ауданының әкімшілік аумағы Мақтаарал және Жетісай аудандары болып екіге бөлінуіне байланысты Жетісай аудандық пробация үйі қайта құрылды. Сол сәттен бастап біз пробациялық қызмет инспекторларымен түзету мекемелерінен босатылған азаматтары қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға, қалыпты өмірге қалыптасуларына ықпал жасап келеміз», - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Досыбайұлы.


Өткізілген бос жұмыстар жәрмеңкесінде «AGG Kazakhstan» мақта зауыты оператор РБХ, лаборант, электромантёр, тазалаушы секілді мамандықтарға сұраныс берсе, қаладағы «Мұрагер» мейрамханасына даяшылар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЭЖ Жетісай бөлімі мекемесіне электромонтер, «Eurasia HR» Ресейге «ВелесстройМонтаж» компаниясының «Амурский газоперерабатывающий завод» жобасына шұғыл түрде вахталық жұмысшылар қажет.


Жәрмеңке барысында «AGG Kazakhstan» мақта зауытына 10 азамат жұмысқа жолдама алса, кәсіптік оқуға 5 адам жіберілді. Сонымен қатар, жәрмеңке соңында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасы бар пробациялық есепте тұратын 5 азаматқа демеушілер есебінен азық-түліктер таратылды.


Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісай ауданы әкімінің квотасымен 28 сотталушы, ал, аудандық пробациялық қызмет бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің біргелікте жұмыс жүигізулерінің нәтижесінде тағы 66 сотталушы уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан.