ТҮРКІСТАН: Жетісайда дәрігер мамандар жетіспейді

0
2 204

Жетісайда акушер-гинекологтар мен балалар дәрігерлері жетіспейді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда дәрігер мамандар жетіспейді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында дәрігерлердің тапшылығы тұрғындарға жасалатын ем-дом шараларында қиындықтар туғызуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде 9 дәрігерлік-амбулаториясы, 11 дәрігерлік-акушерлік пункті мен 1 аудандық емханасы бар Жетісай аудандық орталық ауруханасында білікті мамандар тапшы. Соның салдарынан тұрғындарға жасалатын ем-дом шаралары мен көрсетілетін медициналық қызметтердің кешігіп жататын кездері де жиі кездеседі.

Жетісай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Джолдасбековтің айтуынша ауданда тәжірибелі дәрігер-мамандардың жетіспеушілігі өзекті мәселе. Әсіресе, ауылды жерлерде. Үкіметтен бекітілген талаптарға сай әрбір дәрігер 1700 азаматқа бекітіліп, талдау-тексеру жұмыстарын жүргізуі тиіс болса бұл көрсеткіш Жетісайда 2500 – 3000 адамды құрап отыр.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 150 мыңға тарта тұрғыны бар Жетісай ауданының орталық емханасында 2 акушер-гинеколог бар. Одан бөлек тағы үшеуі зейнет жасындағылар.

Айта кетейік, дәрігерлерін қосымша оқытып, біліктілігін заманауи талаптарға сәйкестендіріп жатқан аудандық ауруханада жұмыс істейтін мамандардың орташа жасы 50 жас. 47 дәрігер зейнеткерлік жастан өткен мамандар.