ТҮРКІСТАН: Жетісайда екі газ таратқыш нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

0
496

Табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында жүзеге асырылуда.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда екі газ таратқыш нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында екі газ таратқыш станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданындағы Қарақай ауылдық округінде «Жетісай», Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» автоматтандыру газ таратқыш станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын станция экологиялық жағдайды жақсарту, тұрғындарға қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру және табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында жүзеге асырылуда.


Газ таратқыш станциясының құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Ынтымақ ауылдық округіндегі «Киров» АГТС-қа барды. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы толығымен аяқталған. Құрылысы жүргізіліп жатқан екі бірдей газ тарату станциясы пайдалануға берілсе, аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылмақ.


Сондай-ақ бүгінде ауданға келген қонақтар мен тұрғындардың қажетті мекенжайларына жету үшін Ш.Ділдәбеков, Қызылқұм ауылдық округтері мен Жетісай қаласының кіреберіс шекараларына Жетісай ауданын белгілейтін тиісті белгілер қойылған. Сонымен қатар, Сырабад елдімекеніндегі жалпы ұзындығы 2 шақырымды құрайтын ескі шарбақтар ауыстырылып, Асықата кентіндегі орталық базар алдындағы ескі қоршаулар мен Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі бойындағы 1,9 шақырымды құрайтын тиісті белгілер сырланып жатыр.


Аудан аумағында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта белгіленген кестеге сәйкес, барлық округтерде жүргізілмек. Аталған жұмыстар тұрғындардың таза, көрікті ортада өмір сүрулеріне оң ықпалын тигізеді.