ТҮРКІСТАН: Жетісайда "Жастар жылында" атқарылар іс көп

0
1 923

Жетісай ауданында «Жастар ресурстық орталығы» 13 бағыт бойынша жастар саясатын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда

Жетісай ауданында «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мұхтар Бейсенбаев биылғы «Жастар жылында» ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуының негізгі 13 бағыты бойынша жоспарымен бөлісіп, әр салаға жауапты мамандарды таныстырды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кеңес мүшелері тарапынан аудан жастарының тұрақты жұмыспен қамтылуын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы психотропты заттардан бас тарту және жастардың арасында белең алған түрлі аурулардың алдын алу, бұқаралық спортты дамыту және құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыптарында баяндамалар оқылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – атқарылар жұмыстың санымен емес сапасымен санасуымыз, мақтануымыз керек. Әрбір атқарылар іс тиянақты, шынайы болғанда ғана өзінің жақсы нәтижесін береді. Сондықтан, сіздер мен біздер болашағымыз үшін белсенді түрде бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Аудан әкімдігі сіздерді қолдауға әрқашанда дайын»,- деді аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы.

Сондай-ақ, аталған ұсыныстарды хаттамаға енгізіп, атқарылар істердің барысын әлі де болса толықтыра түсуді қадап тапсырды.