ТҮРКІСТАН: Жетісайлық жігіт «ALASH PRIDE» чемпионы атанды

0
908

Әлемдік жекпе-жек турнирлерінде жүлдегер болған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық жігіт «ALASH PRIDE» чемпионы атанды

Жетісайлық спортшы «ALASH PRIDE» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округінің Жаңа дәуір елді мекенінде 1995 жылы дүниеге келген Бағдос Олжабай 2021 жылдың 8 қазанында Алматы қаласында өткен Халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуге ие болды.


Орта Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің кіл мықты 8 спортшысы қатысқан «ALASH PRIDE GRAND PRIX» турнирінде Бағдос Олжабай ел намысын қорғап, жанкүйерлерінің үмітін ақтады. Жастайынан еркін күреспен айналысқан Бағдос бүгінде Ұлттық спорт Жекпе-жек федерациясының спортшысы.


Бұған дейін де 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен жекпе-жек спортының V фестивалінде және Қытайдың Пекин қаласында ММА-дан өткен әлем чемпионатында күміс жүлделерге ие болған. «ALASH PRIDE» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы.